Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар алдын ала эвакуацияланды

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар алдын ала эвакуацияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 09:56 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сәуірдің 9-ы күні Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. Адамдардан бөлек үй жануарлары мен азық-түлікті қауіпсіз жерге апарып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО бұрын-соңды болмаған табиғи апатқа белсенді түрде қарсы тұруда. Төтенше жағдаймен күресуге қатысқан видеоны 10 сәуір күні таңертең ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Бейнежазбадағы СҚО тұрғындарын эвакуациялауды мысалға ала отырып, еліміздің барлық азаматтарының бірлігін көруге болады.

Сәуірдің 10-на қараған түні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұрат Қанғожинов Сергеевское су қоймасында су ағынының азайғанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: