Медицина қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге үздіксіз көмек көрсетуде

Медицина қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге үздіксіз көмек көрсетуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 11:39 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Апаттар медицинасы орталығының 30-ға жуық қызметкері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлерде су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының 7 филиалының 28 адамнан тұратын 10 медициналық бригадасы және 8 бірлік техника тартылды.

"Бүгінгі таңда Апаттар медицинасы орталығының күшімен 170 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 4 адам ауруханаға жатқызылды."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ психологтар шұғыл қызмет көмек көрсетуде.

"Бұл көмек түрін көрсету үшін 27 психолог тартылды. "Жедел желі" телефоны ашылды, ағымдағы жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша 1214 қоңырау келіп түсті.",- деп толықтырды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атыраулық психологтар да өңірдегі тұрғындарға жаппай психологиялық көмек көрсетуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: