Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор білім беру саласында 14 млрд теңгеге ұрлықты анықтады

Антикор білім беру саласында 14 млрд теңгеге ұрлықты анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 15:11 Сурет: akorda.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров 15 айда 14 млрд теңгеден астам шығын келтірген білім саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, білім беру саласында 2023 жылдан бастап ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін еңбекақы төлеу қорынан қаражат ұрлаумен байланысты тұрақты қылмыстық схемалар ашылған.

"Бухгалтерлер ұлттық білім беру базасы, мектептің бухгалтерлік есеп жүйелері және клиенттердің қазынашылық жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланды. Олар төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын ұрлады. Жымқырушылық жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде де іске асқан", - деді спикер.

Данияр Бигайдаровтың айтуынша, мұндай жымқыру схемасымен олар белгіленген нормадан жоғары жалақы алып жүрген. Бөгде тұлғалардың деректемелері бойынша өздерінің шоттарына бөгде адамдардың жалақыларын есептеген. Сонымен қатар, "қайтыс болған" адамдарға жалақы есептеген.

"Агенттік білім беру саласында осындай 206 қылмыстық істі тіркеді. Олар бойынша залал 14 млрд теңгеден асты. Жалпы, ұрлықтың ең үлкен сомасы Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды. Ұрлау фактілері тексерілуде. Мысалы, жақында ғана Жетісу облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сарқан ауданының бюджеттік білім бөлімі басшысының заңсыз қызметін тоқтатты. Ол осы бөлімнің бухгалтерлерінің шоттарына артық белгіленген жалақыны заңсыз аудару арқылы 1 млрд теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде", - деп толықтырды ол.

Антикордың мәліметінше, тергеу әрекеттері кезінде 156 млн теңге сомасында ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Осы іс бойынша тергеу жалғасуда.

"4 сәуірде Жаңақорған аудандық сотының өңірдегі білім бөлімінің басшысы Ибрагимовқа, ММ бас бухгалтері Аязбаеваға және 24 мектеп бухгалтеріне қатысты үкімі күшіне енді. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен мекеменің басшысына, бухгалтерлеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, бухгалтерлердің біріне – жас баланың асырауында болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады", - деп түйіндеді Данияр Бигайдаров.

Айта кетейік, 2024 жылдың 9 сәуірінде ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі спорт мектептерінің 7 қызметкерінің жалған дипломмен жұмыс істейтінін анықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: