Жаңалықтар тізбегі
0

Терезелерін бүтіндей жаппай қараңғылап алған көліктің видеосы желіні шулатты

Түгелімен заңсыз тонировкамен жүрген көлік желіні шулатты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 17:52 Сурет: unsplash
Әлеуметтік желіде 2024 жылы 12 сәуірде Шымкент көшелерінің бірінде түсірілген видео пайда болды. Жол полициясының қызметкерлері терезелеріне бүтіндей заңсыз тонировка жасаған жол талғамайтын көлікті тоқтатқан. Бейнеролик қазнет пайдаланушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бейнеролик egov.press Telegram-арнасында жарияланды.

"Шымкент полициясының бастығына қол астындағыларға заңсыз көлікті қараңғылаған автомобильдерді жақсылап көру үшін "жақсы" көзілдірік сатып алуды ұсынамыз",- делінген жазбада.

Тәртіп сақшылары көлік иесін босатты дегенге видео астына пікір қалдырушылар да наразылық білдірді:

  • "Әйнекті қараңғылау заңсыз";
  • "Сіз көзілдірік туралы дәл айттыңыз... Ал, бұл Шымкент... Мұнда мақтану денсаулыққа қарағанда қымбат";
  • "Ой, бұл Шымкент қой… қызметкерлер байқамағандай кейіп таныта салады. Бұл көлікті бәрі жақсы біледі";
  • "Әдеттегідей, тек қарапайым адамдарды ғана жазалайды, ал шенеуніктер мен байлардың ақшасы бәрін шешіп береді";
  • "Шымкентте заң жүрмейді";
  • "Қараңғыламақ түгілі, мөлдір пленкаларды да орнатуға тыйым салынған ғой. Бұл - бір. Екіншіден, алдыңғы бүйірлік әйнектердің жарық өткізгіштігі 70%, алдыңғы әйнектікі 75% болуы керек".

Бірақ қалалық полиция департаменті болған оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты.

"Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бұл жүргізушіні көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін тоқтатты. Оған қатысты жергілікті жерде әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство аталмыш көліктің патрульдік полицияның сүйемелдеуімен айыппұл тұрағына жеткізілгенін атап өткен болатын. Сондай-ақ, қаланың ПД айыптұрағынан түсірілген фотосуретті ұсынды.

Түгелімен заңсыз тонировкамен жүрген көлік желіні шулатты , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 17:52

Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Алматы облысында 23 жыл бойы заңсыз айыптұрағы жұмыс істегені белгілі болды. Автокөлік түріне байланысты тәулігіне 1500-ден 2000 теңгеге дейін ақы алынған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: