Жаңалықтар тізбегі
0

Досаев Алмалы ауданының жаңа әкімін тағайындады

Досаев Алмалы ауданының жаңа әкімін тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 17:35 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Алмалы ауданының әкімі болып Арман Шамшин тағайындалды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 15 сәуірде қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Шамшин 1986 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика факультеті), Пекин университетін (әлеуметтану) бітірген. Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің басшылары үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі (Executive MBA) дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде кеңесші болып жұмыс істеді, "НУХ "Бәйтерек" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қытай, ағылшын және түрік тілдерін жетік біледі.

2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалғанға дейін "Алматы ӘКК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Шамшин бұл лауазымға Айдар Жақыбаевтың орнына келді. Жақыбаев болса, Алматы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: