Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған

 Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 11:02 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ағымдағы жылғы 9 сәуірде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

"Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды.​"Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: