Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың СҚО-дағы бірқатар су басқан өңірлерді аралады,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.

Сурет: akorda.kz
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады.
"Бүгінде алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған."Ғауез Нұрмұхамбетов

Сурет: akorda.kz
Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған.

Сурет: akorda.kz
Ақорда мәліметінше, халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript