Атырау облысында су тасқыны кезінде санитарлық шаралар күшейтілді

Атырау облысы, санитарлық қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 20:35 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
2024 жылы 16 сәуірде Атырау облысының санэпидбақылау департаменті "Су тасқыны кезінде санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы" №1 қаулысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта су тасқыны аймағында халық арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу, сондай-ақ, Атырау облысының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар келтірілген.

Сондай-ақ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Жылыой ауданында тасқыннан зардап шеккен отбасылар есеп-шотына бір реттік 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 369 200 теңге түсіп жатыр. 


Атырау облысында 7 сәуірде ТЖ режимі жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: