Air Astana Дубай әуежайын су басуы салдарынан ауыстырылған рейстер туралы ақпаратты жаңартты

Air Astana Дубай әуежайын су басуы салдарынан ауыстырылған рейстер туралы ақпаратты жаңартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 11:23 Сурет: Zakon.kz
Air Astana әуекомпаниясы бүгін, 2024 жылғы 17 сәуірде Дубайдан келетін рейстерге қатысты жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana хабарлағандай, әуеайлақтың су басуына байланысты 16 сәуірдегі Дубай-Астана(KC206 ) және Дубай-Алматы(KC898) рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде сағат 10.30 және 13: 10-да ұшуға жоспарланған.

"Жолдардың су шайып кетуіне байланысты жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы берді.",-делінген авиакомпания хабарламасында.

Рейстердің мәртебесі сайтта қолжетімді.

Еске сала кетейік, Дубай әуежайын су алуына байланысты Алматы мен Астанаға қатынайтын рейстерді тоқтатты

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: