Антикор қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

Антикор қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 17:10 Сурет: akorda.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеме жасады. Қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлық пен бопсалаудың барлық фактілері бойынша ведомствоға жүгінуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 18 сәуірдегі хабарламада:

"Азаматтардан су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтықтың, теріс пайдаланудың және бопсалаудың барлық ықтимал фактілері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да фактілері бойынша тәулік бойы Агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне, @antikorkz_bot чат-бот кері байланыс арналарына хабарласуларын сұраймыз."

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлері көрсетілген.

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметі

Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметі

Бұған дейін, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылғаны және аталмыш қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталғанын айтқан болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: