Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасы белгілі болды

Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасы белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 16:10 Сурет: pexels
2024 жылғы 19 сәуірде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы сомасын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 132 595 теңгені (ынтымақты зейнетақы – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге) құраған жиынтық зейнетақының орташа мөлшері аталған болатын.

Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшерін білу үшін БЖЗҚ баспасөз қызметіне хабарласты.

"БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 34 075 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы – 945 752 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ – дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 32 065 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңгені құраған", – деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрлері мен базалық зейнетақы төлемдерінің қаншалықты жоғарылағаны туралы сілтеме бойынша біле аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: