Жаңалықтар тізбегі
0

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді

Ақбөкендерді атуға енді рұқсат етілмейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 13:53 Сурет: wikimedia
Орман және жануарлар дүниесі комитеті "саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына түзету дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік қызметінен ақбөкендер алынып тасталады.

Құжат 8 мамырға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы ақбөкендер санын реттеу тоқтатылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, ақбөкендерді ату отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен консультациялар мен талқылаулардан кейін тоқтатылды. Сонымен қатар, қыста далада қозғалу қиынға соққандықтан.

"Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық", – деді министр.

Болжам бойынша, былтырғы төлді ескере отырып, ақбөкендердің саны шамамен 2,5 – 2,6 млн басты құрайды. Министр келесі жылы аша тұяқты бөкеннің санын реттеу қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: