Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Қазақстанның қай өңірі тұрғындарының бастамасын қолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның қай өңірі тұрғындарының бастамасын қолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 11:37 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы тұрғындарының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі бастамасын қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесші – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады.", - делінген жазбада.

Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясы аясында Семей мен Бородулиха ауданының жүздеген тұрғындары жаңа көшеттерге өмір сыйлау үшін "Семей орманы" ГЛПР қызметкерлері дайындаған учаскелерге ағаш отырғызғаны хабарланған болатын. Акцияға Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, оның орынбасарлары, ЖОО, қоғамдық және ардагерлер ұйымдарының басшылығы мен студенттері қосылды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның қай өңірі тұрғындарының бастамасын қолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 11:37

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаппай акцияға барлығы 30-дан астам ұйым қатысты.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың жазында Абай облысының ормандарында ірі өрт болды. Қайғылы оқиға салдарынан "Семей орманы" орман табиғи резерватының 14 қызметкері қаза тапқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: