Жаңалықтар тізбегі
0

-8°C: Қазақстанда күн суытады

Қазақстанда -8°C дейін суытады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2024 15:45 Сурет: pxhere
Қазақстандық синоптиктер 2024 жылғы 25-27 сәуірге ел бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар ел тұрғындарын жаңбыр мен суық күтіп тұрғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған хабарламаға сәйкес, елдің оңтүстік жартысында 25-27 сәуір аралығында жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында 25 сәуір күні ғана жаңбыр жауады, ал түнгі уақытта қар жаууы күтілуде.

"Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Бұршақ пен дауыл да бірге келуі мүмкін. Қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады". "Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар, ел бойынша екпінді жел, түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады деп болжануда.

"Суық фронт біртіндеп елдің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 0+12, күндіз +10+20°дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде",- деп толықтырды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Солтүстік аймақтарда ең суық ауа-райы 25 сәуірде болады деп күтілуде.

"Мұнда термометрлердің бағандары түнде 0-8° дейін, күндіз +5+13° дейін төмендейді, содан кейін температура күндіз солтүстікте біртіндеп +10+17°дейін көтеріле бастайды"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер Алматыда 3 күн бойы жауатын жаңбыр туралы ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: