Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 27 сәуірде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 27 сәуірде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шымкентте найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 27-28 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 27 сәуірде бұршақ, дауыл күтіледі. 27-29 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 27-29 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 27-28 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі. 28-29 сәуірде түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.