Құлсарыда тасқынға қарсы күрес әлі жалғасуда
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Жамбылдық құтқарушылар Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ-нің 29 сәуірдегі ақпараты бойынша, соңғы 13 күнде Жамбыл облысы ТЖД жеке құрамының қызметкерлері мотопомпалардың көмегімен 24 мың текше метрден астам су сорып шығарды.
"Су тасқыны кезеңінен бастап ТЖМ құтқарушылары 1922 жеке тұрғын үйлерден су сору жұмыстарын жүргізді.",- делінген хабарламада.
Айта кетейік, 28 сәуірдегі мәлімет бойынша су тасқыны басталғаннан бері 37 мың адам үйіне оралды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

