Жаңалықтар тізбегі
0

Кабинеттегі зорлық: Талдықорған полициясының бұрынғы бастығына үкім шықты

Марат Күштібаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2024 18:29 Сурет: zhetysu.gov.kz
Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған Марат Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 120-бабының 2-бөлігі 5-тармағы), деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.

Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралады.

Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен Күштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес К. «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: