Алматыдағы пәтерде шыққан өрт бір адам қаза тапты: тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 15:47 Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
1 мамырда сағат 05:18-де Алматыдағы Әуезов ауданы 7-ықшам ауданындағы төрт қабаттың үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты

30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 05:45-те ауыздықталып, 05:52-де сөндірілді.

Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылды.

Өрт орнынан 1990 жылы туған Б. атты азамат 7-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, сонымен қатар 1997 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 48 л/с және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: