Ақмола облысында бір ауылдан 250-ге жуық жылқы жоғалды
Сурет: primeminister.kz
Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Қызылсая ауылынан 250-ге тарта жылқы жоғалды.
Биыл үскірік аяздан жайылым қатқақтап, көк мұзда тебіндей алмаған жылқылар жан-жаққа шашырап кеткен.
Ауыл халқы жоғалған жануарлар қар кеткенде табылып қалар деп үміттенген. Алайда, көктем келгелі бері тек 25 малдың өлексесі табылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал қалған жылқылар Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының аумағына өтіп кеткен болуы мүмкін,-дейді тұрғындар.
"Осы малдың бәрі Петропавл, төменге қарай кетіп қалды ма деп, Қызыл туға кетті ме деп ойлап, іздеп жатырмыз. Бірақ, таба алмай жатырмыз. Сол төңіректің біразына жігіттер барып, қарап келді. Көрдік, білдік деген адам жоқ." Батырбек Сәденов, ауыл тұрғыны
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript