Су тасқынынан зардап шеккен СҚО тұрғындарының уәде етілген баспанаға қашан қолы жетпек
Сурет: akorda.kz
Су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жаңа баспана алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте, өңірде су тасқынының шыңы өткенін хабарлады. Жалпы, 3 898 үйді су басып, бүгінде 2 830 үй су астында қалған. Эвакуацияланған 14 388 адамның 5567-сі үйлеріне оралған.
"Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3 897 өтініш түсті. 3 443 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд 271 млн теңгеден асады. 390 үй зерттелді, 148-не бағалау жүргізілді", - деді спикер.
Бүгінде, Кожевенный, Ойқала шағын аудандарында аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде.
"Бүгіннен бастап аталған аудандарға қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін механикалық бригадалар мен техникалар барады. Сондай-ақ, Солнечный-2 шағын ауданында зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. "Қазақстан халқына" қорының қаражатына 10 жергілікті құрылыс компаниясы 100 тұрғын үй салып жатыр".Серік Ғайсин
Оның айтуынша, жаңа шағын ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 500 үй салынады. Барлық жұмыстар суық түскенше аяқталмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript