Жетісу облысында полицейлер көлікті өртеген күдіктіні ұстады
Сурет: instagram.com/zhetysu.police
22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде бейтаныс адам автокөлікті өртеп жіберген, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript