Тікелей эфир арқылы елге кеңінен танылған прокурорлар қазақстандықтарға құттықтау жолдады
Сурет: ҚР Жоғары соты
Азаматтық әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотының арқасында елге кеңінен танылған прокурорлар қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік айыптаушылар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековтің құттықтау видеосы ҚР Бас прокуратурасының Telegram-арнасында жарияланды.
"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және қазақстандықтар! Астана қаласының прокуратурасы Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге бақ-береке тілейміз! Елімізде әрдайым тыныштық пен бейбітшілік болсын!", - дейді видеода Саяхат Нұрбеков.
Өз кезегінде Айжан Аймағанова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
"Барлық ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!", - дейді прокурор.
Айта кетсек, 2024 жылғы 6 сәуірде Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты. Судья жұма – 10 мамыр, сағат 10.00-ге дейін үзіліс жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript