Жаңалықтар тізбегі
0

Бір тәулікте ҰБТ тапсыруға 152 438 талапкерден өтініш келіп түсті

ҰБТ, талапкерлер, өтініш, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2024 12:56 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ға өтінімдерді қабылдау басталғалы бір тәулік ішінде 152 438 талапкер тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тестілеудің алғашқы сынағына 6-10 мамыр аралығында тіркелуге болады, деп еске салады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан тестілеуге қатысатындар 6-13 мамыр аралығында алғашқы мүмкіндік бойынша өтініш бере алады.

Тіркелу кезінде талапкерлер өздеріне қолайлы күнді, уақытты және тестілеу орнын таңдай алады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы барлық талапкерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға және гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: