Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2024 16:13 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 мамырда еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде, орталығында, күндіз шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. 09 мамырда облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

Астанада таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде тауларда, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15- 20 м/с. Облыстың батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шымкентте күндіз кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының батысында, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: