Алматыда Әзербайжан мен Армения делегациялары екіжақты форматтағы келіссөздері басталды

Әзербайжан Армения, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 18:00 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздер жүргізу үшін Алматыдағы Достық үйіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қонақтарды Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу қарсы алып, министрлер кездесу рәсіміне қатысу үшін Дөңгелек залға өтті. Осы залда 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған болатын, ол ТМД елдерінің тәуелсіз дамуының негіздерін белгілеп, мемлекетаралық шекараларды айқындау қағидаттарын бекітті.

Мұрат Нұртілеу Әзербайжан мен Армения біз үшін жақын бауырлас елдер ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктес екенін мәлімдеп, тараптарға жемісті жұмыс пен сенімді диалог тіледі.

Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өз сөзінде Қазақстан тарапына келіссөздер алаңын ұсынғаны және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу рәсімінен кейін Әзербайжан мен Армения делегациялары екіжақты форматтағы келіссөздерді бастау үшін көрші залға өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: