Жазушы Әнуар Әлімжановтың туғанына 94 жыл толды
Әнуар Әлімжановтың тақырыбы алуан салалы: қазақ халқының өткен дәуірдегі мүшкіл халі, бүгінгі гүлденген Қазақстан, социализмнің белсенді құрылысшылары, жаңа совет адамдары, халықтар достығы, Азия, Африка елдерінің ұлт азаттығы жолындағы жан қиярлық күресі және тағы басқа.
Әнуар Әлімжановтың тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының идеялық мазмұны бүгінгі күннің талап-тілегімен үндес. "Отырар ескерткіші", "Құрманғазының жастық шағы" повестерінде орта ғасырдағы қанаушылықты, деспоттықты, зұлымдықты өткір де уытты сөздермен түйресе, халық бойындағы алып күшті, сарқылмас жігерді, өнерге, жарқын болашаққа ұмтылған өршіл талапты сүйсіне толғайды.
Ал "Жалындап тұрған найза" повесінде Африка халқының қан құйлы отаршыларға қарсы азаттық күресін шебер суреттеді.
Қаламгер Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. "Құрмет белгісі", "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.