15 мамырда бүкіл Қазақстан бойынша құлақтандыру жүйесі іске қосылады

сирена, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2024 18:12 Сурет: pexels
15 мамырда сағат 12.55-те Астанадан басқа барлық өңірлерде оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада сынақ "Өрт-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтетіні айтылған.

Республикалық штаб Абай ауданында орналасады.

"2024 жылғы 15-16 мамырда Абай облысының аумағында "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі". Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталады.

Оқу-жаттығу "Семей Орманы МОТР" РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.


"Сонымен қатар 15 мамырда сағат 12.55-те Астана қаласынан басқа барлық өңірлерде оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: