Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген

Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 21:47 Сурет: freepik
Ата-анасы кәмелетке толмаған балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар ауданының прокуратурасы тұрмысы нашар отбасын анықтады. Ата-анасы үш күн бойы үйді ішінен жауып алып, үш кәмелетке толмаған баланы үйден шығармаған.

"Отбасы бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, балаларды үйде ұстағаны, мектепке және далаға шығармағаны анықталды. Қабылданған шаралармен Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру бөлімімен, полиция бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, балаларды босатты. Оларға алғашқы қажетті көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: