Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты

Қазақстан жаһандық туризм рейтингінде өз орнын жақсартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 21:04 Сурет: Zakon.kz
Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, бұған дейінгі индексте Қазақстан 117 мемлекет арасынан 66-орынға орналасқан еді.  


"Қазақстан мына санаттар бойынша ең жоғары баға алды: бағалық бәсекеге қабілеттілік (2-орын), туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері (5), денсаулық сақтау және гигиена (23), табиғи (30) және мәдени ресурстар (48), сондай-ақ адами капитал мен еңбек нарығы (43) және туристік инфрақұрылым мен сервис (47)". Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Әзербайжан (56), Өзбекстан (78), Қырғызстан (102) сияқты елдерді басып озып, Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке ие мемлекет болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: