Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2024 22:12 Сурет: видео скрині
21 мамыр күні кешке Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлардан үйге алты өрт сөндіру көлігінің жеткенін көруге болады.


Zakon.kz редакциясы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түсінік сұрады.

"Алмалы ауданындағы "Алтын бұлақ" 2 тұрғын үй кешенінде - Брусиловский көшесі, 167, 5-блокта 18 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің алдын ала ауданы - 25 шаршы метр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: