Жаңалықтар тізбегі
0

Ішінен жұдырықпен ұрған: жүргізуші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісіне шабуыл жасады

Ішінен жұдырықпен ұрған: жүргізуші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің күзетшісіне шабуыл жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2024 17:55 Сурет: видео скрині
Алматыда жас жігіт тұрғын үй кешенінің маңында жасы үлкен күзетшіге шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға "Столичный" тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген. Кадрлардан ер адам көліктен түсіп, әуелі оны итеріп, сосын қарт күзетшінің ішінен ұрғанын көруге болады. Куәгерлер мұны тоқтату үшін бірден жеткен. Жүргізушінің бұл әрекетіне дейін не болғаны айтылмайды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсінік берді.

"Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушы ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ер адам алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: