Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды

Павлодарда жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2024 18:42 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жол жүру ережесін әдейі бұзған тиктокер жазаланды. Оған бес әкімшілік материал толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі орталық көше бойында жол ережесін әдейі бұзғаны туралы бейне жарияланғаны анықталды.

"Бейне бойынша тексеру жүргізілді. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тәртіп бұзушыны анықтап, ұстады. Жүргізушіге қатысты нөмірсіз автокөлікті жүргізу, реңкіленген әйнек жасату, оптика қолдану, тәуліктің қараңғы уақытында қысқа жарықсыз жүру және арнайы жарық сигналдарын қолданбағаны үшін бес әкімшілік материал толтырылды. Құқық бұзушыға қандай шара қолданатынын сот анықтайды".      Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: