Жаңалықтар тізбегі
0

Әскери міндетін өтеп жүрген сарбаздарға несие төлеу бойынша қандай жеңілдіктер қарастырылған

Әскерге кеткен сарбаздарға несие төлеу бойынша қандай жеңілдіктер қарастырылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 15:37 Сурет: Zakon.kz
Сенатор Сергей Карплюк 23 мамырда Палатаның кулуарларында азаматтық борышын атқарып жүрген сарбаздарға несие төлеу бойынша кейінге қалдырылатын норманы түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын реттеу және Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілген.

"Мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне қарызды өтеу бойынша заңда көзделген кейінге қалдыруды 60 күнге ұзарту ұсынылады. Бұл әскерден қайтқан қызметшіге оның жұмысқа орналасуы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін тиісті уақыт беруге мүмкіндік ретінде қарастырылған", – деді сенатор.

Оның айтуынша, бұл несиеден босату деген сөз емес.

"Банктер мен микроқаржы ұйымдары оларға пайыздар қосу немесе т.б төлем талаптарын қоймайды. Бірақ бұл деген несие есептен шығарылады деген сөз емес. Тек төлем 60 күнге кейінге қалдырылады. Бұл уақыт мерзімді қызметкердің өзіне жұмыс табуына, яғни қаржылық қалпына келуі үшін беріледі", – деп түйіндеді Карплюк.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда енді несиені тек биометрия өткен жағдайда ғана берілетінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: