Жаңалықтар тізбегі
0

Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін 5 жылға сотталып кетті

Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін cотталып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 19:27 Сурет: Zakon.kz
Семейлік әйел қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей қаласының 57 жастағы тұрғыны Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Алматы, Семей, Павлодар қалаларында тұратын басқа тұлғалармен сөз байласып, 2016 жылы Ақтөбе қаласының тұрғыны жасап шығарған смартфон түріндегі ұялы телефон арқылы пайдаланылатын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына арналған APPPORT мобильді қосымшасын жарнамалап, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізген.

UNNNITY corporation ЖШС сайтына жеке бас пайдасын көздей отырып, қаражат тарту мақсатында APPPORT мобильді қосымшасын пайдаланушылар кәсіпкерлерге APPPORT порталы арқылы белгілі бір мерзімге дейін өз қызметтерін жарнамалауға мүмкіндігі болатынын айтып сендірген. UCREDIT (виртуальді валюта) сатып алу кезінде, сондай- ақ жаңа тұлғаларды тіркеген жағдайда белсенді қатысушыларға қосымша бонус алуға болатыны туралы жалған ақпарат таратқан.

Көп азамат жарнамаға сеніп, 350 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі көлемде қаражаттарын салған. Осылайша, 2016-2024 жылдар аралығында әйел өзінің таныстарымен бірігіп 2 мыңға жуық адамды алдап, оларға жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 7 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


"Сотталған жазасын өтеу үшін Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне келді. Қазір ол карантин бөлімінде жатыр. Онымен оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, карантиндік бөлімнен шыққаннан кейін сот шешімімен талап-арыздарды өтеу үшін ақы төленетін жұмысқа орналасады", - дейді мекеме басшысының орынбасары Дархан Бигазиев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: