Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келеді

Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 13:42 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келе жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездескен "Rhenus Group" неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц айтты. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары сөз болды.

Тобиас Бартц терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Премьер-министр көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: