Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Тоқаев Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 11:31 Сурет: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.


"Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Отандық медицинаның алға басуына бар қажыр-қайратын жұмсап, көптеген игі іске бастамашы болды. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Өзінің жаңаша мектебін қалыптастырып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бұған дейін медицина ғылымдарының докторы, профессор, гигиенист-нутрициолог ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден өткенін хабарлаған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: