Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары биыл қайда инвестицияланды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары биыл қайда инвестицияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2024 12:45 Сурет: freepik
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін басқару туралы есеп ұсынды. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары биыл қайда инвестициялантыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қордың ақпаратына сәйкес, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 18 983,1 млрд теңге. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 18 878,61 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі – 57,18 млрд теңге.

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

  • 2024 жылғы 1 мамырға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай:
  • ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 47,02%,
  • квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,66%,
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,26%,
  • шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,52%,
  • ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%,
  • МҚҰ – 1,91%,
  • ҚРҰБ депозиттері – 1,78%.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

  • ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 47,3 млрд теңгеден асады.
  • 01.05.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 8,08 млрд теңгеден асты.
  • 01.05.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,8 млрд теңгеден асты.
  • 01.05.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 4,3 млрд теңгеден асты.
  • 01.05.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 1,2 млрд теңгеден асты.
  • 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 29,9 млрд теңге.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 66,34%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 33,66%.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: