Қазақстанда жайылымдарды жаңа жолмен басқаратын болады
Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2024 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа редакцияда жайылымдарды ұтымды пайдалану ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлармен реттелетіні айтылған.
Бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ пен Жалағаш ауылдық округіндегі алқаптарды жебір құрт жайпап тастаған. Ауылдағы 137 шаруа қожалығы мен 2800 егістікке қауіп төніп тұр.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript