Сырдария өзенінде екі бала суға батып кетті
Сурет: pixabay
1 маусымда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, суға батып кеткен балалар жабдықталмаған жерде шомылған.
"ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript