Қазақстандық гимнаст әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Дияс Тойшыбек Әлем Кубогы сериясында алғаш рет медаль алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2024 11:50 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Дияс Тойшыбек әлем кубогі сериясында алғаш рет медаль алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама спортшысы Дияс Тойшыбек Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогінің Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ат снарядындағы финалда ол жаттығуы үшін 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола хорват гимнасты Матео Жугецке бұйырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: