ОПЕК+ мұнай мәмілесін тағы бір жылға ұзартты
Фото: pixabay
ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді 2025 жылға ұзартты, бұл шешім альянстың 2 маусымындағы отырыстың қорытындысы бойынша шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін мәміле бірқатар елдердің ерікті қысқартуларын ескермей, 2024 жылдың соңына дейін есептелген болатын.
Бұл ретте елдердің келесі жылға арналған жалпы квотасы ұлғайтылды. ОПЕК + барлық қатысушыларының мұнай өндірудің рұқсат етілген деңгейі бұрын тәулігіне 39,425 миллион баррельді құрады (барр./ с). 2025 жылдың қаңтарынан бастап бұл квота 300 мың баррельге өседі.
"БАӘ үшін қажетті өндіру деңгейі 300 мың баррельге көтерілді. Бұл өсім 2025 жылдың қаңтарынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін кезең — кезеңімен жүзеге асырылатын болады", - деп түсіндірді альянста.
Сонымен қатар, бірқатар қатысушылар өз еркімен өндірісті 1,7 миллион баррельге төмендетеді.
29 мамырда Асхат Хасенов ресми түрде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript