Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық банк мамыр айында биржалардан неліктен 500 миллион доллар сатып алды

2024 жылдың мамыр айының соңында теңге бағамы 1,2%-ға әлсіреп, бір доллар үшін 447,25 теңге болды. Қазақстан қор биржасында бір айда орташа күндік сауда көлемі 234 миллион доллардан 251 миллион долларға дейін өсті. Сауда-саттықтың жалпы көлемі $5 млрд құрады., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 11:08 Сурет: Zakon.kz
2024 жылдың мамыр айының соңында теңге бағамы 1,2%-ға әлсіреп, бір доллар үшін 447,25 теңге болды. Қазақстан қор биржасында бір айда орташа күндік сауда көлемі 234 миллион доллардан 251 миллион долларға дейін өсті. Сауда-саттықтың жалпы көлемі $5 млрд құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін мамырда 800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 16%-ын және күніне 40 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтағы бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын біркелкі қалыпта сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрады.

Ұлттық Банк мамырда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы маусымда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 350 млн АҚШ долларынан 450 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.

2024 жылғы маусымда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250 млн АҚШ долларынан 350 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу көзделген.

Ұлттық Банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: