Кирилл Герасименко үстел теннисінен өтетін Вальднер кубогында Азия құрамасының атынан өнер көрсетеді
Сурет: olympic.kz
13-15 желтоқсан аралығында Норвегияда ардагерлер мен қазіргі үстел теннисінің әлем жұлдыздарының қатысуымен алғашқы Вальднер Кубогы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасының сапында өнер көрсетеді. Азия құрамасында сондай-ақ алты дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Вуджин, Лим Джонхун, Шин Юбин және Маника Батра ойнайды.
Әлем құрамасының сапында Халықаралық үстел теннисі федерациясы ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп таныған Ян-Уве Вальднер, Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадет Сеч өнер көрсетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript