Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті, оған Азия мен әлем құрамалары қатысты. Қазақстандық Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.
Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сеч қарсы өнер көрсетті.
Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер - Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript