"Жаңбыр, бұршақ, қатты жел". Еліміз бойынша 4 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 4 маусым, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2024 22:45 Сурет: Zakon.kz/Анастасия Московчук
Cиноптиктер алдағы сейсенбіде, 2024 жылғы 4 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, атмосфералық толқындардың өтуіне байлансты республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипатқа ие болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз солтүстік, шығыс өңірлерде бұршақ түседі деп күтіледі.

"Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс -  желдің екпін алуы", делінген болжамда.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады.


"Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады синоптиктер.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: