Ақтөбе облысында полицейлердің ескертуін елемеген жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады
Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлік құралының аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Аталған автокөліктің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды тасымалдауды ресми түрде жүзеге асырғаны және жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері осы жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды.
Алайда соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуіне елемеушілік танытқан. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.