Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті анықтады

көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 18:30 Сурет: polisia.kz
"Заңсыз келуші – 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде елде болу ережелерін бұзғаны үшін 90 шетелдік, олардың 87-сі ТМД елдерінен болса, 3-уі алыс шетел азаматтары. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден тысқары шығарылды. Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған ҚР көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: