Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында скутер мінген қос жасөспірім жол апатынан мерт болды

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 21:06 Сурет: видео скрині
Павлодар облысында скутер мінген қос жасөспірім жантүршігерлік жол апатына түсіп, екеуі де ажал құшты. 9-сыныптың оқушылары жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат бестер шамасында Павлодар-Ақсу тас жолында болды, деп хабарлайды Zakon.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған екі жасөспірім мопедке мініп үлкен трассаның бойына шыққан. Ақсу қаласынан шамамен үш шақырым жерде рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соқтығысты. 2008 жылы туылған оқушы оқиға орнында көз жұмған. Ал тізгінде болған 15 жастағы жасөспірім Павлодар ауруханасына жеткізілді. Бірақ дәрігерлер жарақаты ауыр оқушыны ажалдан арашалап қала алмаған.

Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жағдайы ауыр, бас сүйегі, кеуде қуысы, іш-құрылысы мен аяқ-қолдарының сынғанын айтады. Жол апатынан опат болған қос оқушы Ақсу қаласындағы №2 орта мектебінің 9-сыныбын аяқтаған екен.

"Павлодар-Ақсу автожолында болған ЖКО салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды". Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: