Ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандар қандай жәрдемақылар мен төлемдер алады
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
- көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
- ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
- ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.
Әлеуметтік қолдау шаралары:
- бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 жылда күнтізбелік 90 күннен астам мерзімін өткізу болмаған;
- өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;
- өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарасты ауданда маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.
Сондай-ақ, ережелерге көтерме жәрдемақы беру кезінде мамандар жеке шот туралы анықтаманы ұсынуы керек.
Құжат 21 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.