Жаңалықтар тізбегі
0

Ұшақ жанында темекі шеккен шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 17:33 Сурет: polisia.kz
Германия және Литва азаматтары ұшақта құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша "Алматы – Кутаиси" бағытындағы әуе рейсінің екі жолаушысын түсіріп алды. Көлік полицейлері тексеру барысында Германияның 20 жастағы азаматшаларын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде әуе кемесінің жанында темекі шеккен.

Құқық бұзушылардың әрқайсысына 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салынды.

Дәл сол күні елорда әуежайының көлік полицейлері де екі шетелдік құқық бұзушыны анықтады. Литва Республикасының 54 және 57 жастағы азаматшалары "Алматы – Астана" бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде өздерін дөрекі ұстап, жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Құқық бұзушы әйелдерге қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: